- Advertisement -

ҚХА мүшелері түзеу мекемесіне барды

85

- Advertisement -

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіне арнайы топ барып, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайымен танысты. Бұл күні «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабатхон Миражаповамен аталған кеңес мүшесі, «Радонеж» орыстар этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Антонина Беляева сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Жалил Аббосов және «Радонеж» орыстар этномәдени бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин сотталған азаматтармен кездесіп, әңгімелесті.

Кездесуде жазалы жандардың қоғамға қайта бейімделуі, олардың жұмыспен қамтылуы сонымен қатар түзеу мекемесіндегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы ауызбіршілікті сақтау жөнінде мән-мағынасы зор пікірлер айтылды. Ал сапар соңында мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ондағы жазалы жандардың жағдайымен танысқан топ мүшелері оң бағаларын берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support