Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады
Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады
Елімізде отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, РОП операторының қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтап жатыр», - делінген министрлік хабарламасында. Ведомство бағдарламаны биыл іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қарастырылып отырғанын хабарлады. Ал аралас көздер арқылы тартылатын қаржы көлемі – 7 млрд теңге.