Денсаулық

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

«Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі төменде көрсетілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру»; 2. «Жобалау қызметіне лицензия беру»; 3. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»; 4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»; 5. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу». Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көрсетілгендей www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға болады. Бекітілген мемлекеттік қызмет қағидалары облыс әкімдігінің ресми веб-сайтында www. gov.kz/memleket/entities/zhambyl, www.gov.kz/ memleket/entities/zhambyl-memleket-saulet және басқарманың стендтерінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35А ғимараттың 2-қабатында орналасқан және байланыс телефоны: 8 (7262) 436743.