Денсаулық

Төребековке арналған турнир

Төребековке арналған турнир

Жуырда Ерназар ауылында тілсіз жауды сөндіру кезінде қайтыс болған ерназарлық Тәңірберген Төребековті еске алу іс-шарасы өтіп, шара аясында қазақ күресінен аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Жиында Ерназар ауылдық округінің әкімі Ержан Жолбай елі барда ер есімі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. width=

Аталған турнирге Тараз қаласынан, Өрнек және Ерназар ауылдарынан 20-ға жуық балуан қатысып, кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде, бірінші орынды Жамбыл ауданынан келген жас балуан Нұрмұхан Шынтас жеңіп алса, екінші орын оның жерлесі Нұрсейіт Сәдірге бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды асалық балуан Бексұлтан Мейрамбек иеленді. Бұдан бөлек көрермен көзайымына айналған 7 балуанға бағалы сыйлықтар үлестіріліп, жеңімпаздар кубок, медальдармен марапатталды. Мұндай спорттық жарыстар жасөспірімдердің бойына патриоттық сезімдерді де сыйлайтыны анық.

Есет ДОСАЛЫ