Денсаулық

1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

 «АҚ ЖОЛ»(2012 жыл) 28 сәуір. № 47-48 (17.558-17.559)

. «Алқалы жұртттың айнасы «Ақ жолға» – 90 жыл». Газеттің мерейтойына арналған нөмірі. Басылымды әр жылдарда басқарған Баттал Жаңабаев, Арғынбай Бекбосын, Мақұлбек Рысдәулеттердің естеліктері, басқа да мақалалар берілді. «Олар «Еңбек туында» еңбек еткен» деген тақырыппен берілген топтамадағы мақалалардың да айтары аз болған жоқ.  14 шілде. № 86. (17.603). Халықаралық баталистер мен маринистер ассоциациясы Бауыржан Момышұлына арналған «Болашақ үні» поэмасы мен Ресей және Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайтқаны үшін Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ақын Күләш Ахметованы Константин Симонов атындағы Халықаралық сыйлықтың алтын медальмен марапаттады.  27 қыркүйек. №123-124. (17.576-577). Бұл нөмірінде газет әдебиеттің ардағы, баспасөздің төресі Шерхан Мұртазаның 80 жасқа толуына орай айқарма бет берді. Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Әкім Тарази, Темірхан Медетбеков және тағы басқалардың лебіздері, фотосуреттер жарияланды. Облыстық қазақ драма театрында «Домалақ ене» спектаклі қойылып, «Баласағұн» мәдениет сарайында «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада Шерхан Мұртазаның руханият мұражайы ашылды. «Қазақстан – Тараз» телеарнасы «Шындықтың жебесі» деректі фильмін ұсынды.  8 желтоқсан. №160 (17.677). «Баласағұн» орталық концерт залында «Ақ жол» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Оған Алматыдан журналистика мәселелерін зерттеу орталығының директоры Намазалы Омашұлы, Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев және басқалар келіп қатысты. Газет «Облыстық басылым мен оқырмандар мерейі» деген тақырыппен мақала, фоторепортаж берді.  (2013 жыл)  5 қаңтар. №1. (17.689). Қордай ауданындағы Отар елді мекені маңында күн сәулесінен электр қуатын өндіретін станса іске қосылды. Станса «ҚазЭкоВатт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысына салынған. Бұл озық технология еліміздегі алғашқы өнеркәсіптік деңгейде жұмыс істейтін, сонымен бірге, ортақ электр жүйесіне қосылған, өз өнімін елдің біртұтас энергия жүйесіне беретін станса саналады. Жаңалық газеттің бірінші бетінде берілді.  16 ақпан. №18. (17.706). «Ақ жол» газеті «Қыран» аймақтық тұтынушылар лигасының «Алтын қыран» халықтық сапа белгісі сертификатына ие болып, облысымыздағы ең үздік бұқаралық ақпарат құралы екендігін дәлелдеді.  28 ақпан. № 23 (17711). Жамбыл Жабаевтың туған күні облыста «Айтыс өнеріндегі жанрлар тоғысы: дәстүр және ықпалдастық» тақырыбындағы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция мен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы бір-бірімен ұштастырыла өткізілді. Конференцияны облыстық мәдениет басқармасы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты және Айтыс ақындары мен жыршы – термешілердің халықаралық одағының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.  13 маусым. №75. (17763). «Ақ жол» газетінің басшылығы ауысты. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Қуаныш Иембердиев «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы болып тағайындалды.  29 тамыз. №110-111. (17798-17.799). «Ақ жолдың» Конституция күніне арналған нөмірі 20 бет болып, ерекше безендіріліп шықты.  17 қыркүйек. № 120. (17.808). «Ақ жол» газетінің редакциясында «Ұлттың тарихи санасын жаңғырту – ұлы мұрат» тақырыбымен дөңгелек үстел өтіп, оны Қуаныш Иембердиев ашып, жүргізіп отырды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәуренбеков, Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ермекбай Серікбаев, Тараз қаласындағы №8 гимназия – мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымының магистрі Әлішер Ғарипуллаев, Тараз мемлекеттік университеті «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдехан Бақтыоразовтар ой, пікір, ұсыныстарын ораға салды.  (2014 жыл)  29 наурыз. №42. (17899). Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Азаматтық ұстаным» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен Тараз қаласында тұңғыш рет облыстық әлеуметтік әріптестер форумы өтті.  5 сәуір. №45. (17.902). Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың ұйғаруымен «Егемен Қазақстанның» меншікті тілшісі Көсемәлі Сәттібайұлы «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы болып тағайындалды.  13 мамыр. №68-69. (17.925-17.926). «Ақ жолдың» жаңа жобасы: журналист ой айтады, мәселе көтереді. Журналист Гүлжан Рахманның «Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі немесе бала тәрбиесіндегі басты қағидалар қандай?» деген көлемді мақаласы жарияланды. Газет 19 сәуірдегі санынан бастап «Шөкеңнің шошаласы» деп аталатын сын-сықақ мүйісін бере бастады.

 Дайындаған Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ