Негізгі міндет – халықтың өмір сүру сапасын арттыру
Негізгі міндет – халықтың өмір сүру сапасын арттыру
Президенттің әр сөзінен түйінді мәселелерге байланысты тиісті шешімдерді қабылдап қана қоймай, сонымен қатар болашақта жүзеге асырылатын шараларды да жіті ойластырғаны сезілді. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде болған оқиғаларды саралап, келешекте Қазақстанның қазіргіден де қуатты әрі күшті мемлекет болып шығатындығына нық сенім білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінен бастап, әлеуметтік-экономикалық даму, саяси реформалар кешенін жүзеге асыру бастамасы көтерілді. Елдің Жаңа Қазақстанға аяқ басқанын ескерсек, Президент жүктеген тапсырмаларды жауапкершілікпен жүзеге асыру аса маңызды. Ел алдында тұрған үлкен міндеттерді айқындаған бұл жиында Президент Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте, атқамінерлер ең алдымен халыққа қажетті азық-түлік тауарларының бағасын реттеу әрі баға тұрақтылығын сақтау үшін арнайы мемлекеттік реттеу механизмін іске асыруға міндетті. Бүгінгі таңда ел Үкіметі мен өңір әкімдері халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында жүйелі жоспар құруға білек сыбана кірісіп кетті. Ең бастысы – мемлекетті құрайтын халық екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да, ең бірінші қарапайым жұртшылықтың мұқтаждығына құлақ асу, өтініштерін орындау бойынша Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Үкіметке берген тапсырмасы көптің ойынан шықты деп ойлаймын. Бұл тапсырма мүлтіксіз орындалатын болса, халқымыздың әлеуеті де, хал-ахуалы да жақсара түсетіні сөзсіз.
Махметғали САРЫБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.