- Advertisement -

Нұрмұхаммед Азия чемпионы атанды

94

- Advertisement -

Жуырда Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек-рим және еркін күрестен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.

 Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған Тараз қаласындағы №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, ауданымыздың мақтанышы Нұрмұхаммед Тұрдалы 38 киллограм салмақ дәрежесінде белдесіп, алтыннан алқа тағынды. Нұрмұхамед аудандағы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында тұратынын айта кеткіміз келеді.

Н.Тұрдалы алдағы уақытта Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сапында әлем чемпионатына және бірнеше маңызды халықаралық жарыстарға қатысуды көздеп отыр. Манама қаласында өзін мойындатқан жерлесіміздің алдағы байрақты бәсекелерде де елдің үмітін ақтай беретініне сенімдіміз. Күні кеше шет мемлекетте еліміздің байрағын желбіреткен балуанды жерлестері ыстық ықыласпен күтіп алып, лайықты құрмет көрсетті.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support