- Advertisement -

Екі кәсіпкер бағаны негізсіз көтерген

429

- Advertisement -

Бүгінгі күнде Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға үстемесіне мемлекеттік бақылау жұмыстары мен тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіні көрсетілген.

2022 жылдың 27 мамырында облыс прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысының негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін шектен тыс арттырғаны үшін «Ауыл Береке» базарында азық-түлік өткеру қызметімен айналысатын 2 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар Тараз қаласының әкімдігіне қала дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің жоғарылығына шағымданған А.Косарованың арызы түскен болатын. Бүгінгі күнде аталған дүкендерге сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тақырыптық тек серу жүргізіліп, нәтижесінде 2 жеке кәсіпкердің заңбұзушылыққа жол бергендігі анықталды.

Анықталған заңбұзушылық бойынша жеке кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының үстемесін Заңда көрсетілген шектеуден асырмау туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді, сондай-ақ ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласының аумағында азық-түлік саудасы қызметін атқаратын кәсіпкерлік субъектілеріне баға үстемесін Заңда белгіленген мөлшерлерден тыс арттыру әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз. Қала аумағындағы кәсіпкерлердің азық-түлік дүкендерінде баға үстемелерін жоғарылату мәселесі бойынша Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне шағымдану үшін 8 (7262) 45-96-08 нөміріне хабарласуға бол атынын назарларыңызға жеткіземіз.

Айдын АЛТАЙ,
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support