Денсаулық

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына сәйкес, www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:

  1. Жұмыс берушi не олардың өкілі «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
  2. Мынадай құжаттар тапсырылады:

1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш; 2) білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшірмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса); 3) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер; 4) шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі; 5) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат; 6) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі. 3. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы: – рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды; – рұқсатты беру туралы шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанындағы хабарламаны жібереді. 4. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады. 5. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы: – рұқсат беру үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің «жеке кабинетіне» жібереді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2022 жылға барлығы 1055 шетел мамандарына квота, оның ішінде 1 санат бойынша – 25 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 209 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 773 адамға (мамандар), 4 санат бойынша 48 адамға (білікті жұмысшылар) белгіленген. 2022 жылдың 1 шілдесіне Жамбыл облысы бойынша 37 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 367 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 329, Түркиядан – 8, Өзбекстаннан – 8, Таиландтан – 5, Франциядан – 4, Украинадан – 4, Италиядан – 2, Корея Республикасынан – 1, Германиядан – 1, АҚШ-тан – 1, Әзірбайжаннан – 1, Сингапурдан – 1, Бельгиядан – 1, Тәжікстаннан – 1), оның ішінде 1-санат бойынша – 7 адам, 2-санат бойынша – 45 адам, 3-санат бойынша – 314 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 1 адам. Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 8068 адамды құрайды. Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар. Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 120,9 миллион теңге салық төленді.

Ш.ТОЙБЕКОВ,

А.ӘЛІМБЕКОВА,

облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас мамандары.