Тоқаев «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» компанияларын біріктіруді тапсырды

178

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт келгенін жеткізді, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», — мемлекет басшысы.

Comments are closed.