Денсаулық

Егінге орақ түсті

Егінге орақ түсті

Ерте көктемнен еңбек еткен меркілік диқандар егінге орақ салды. Биылғы ауа райының қолайлы болуы себепті егін жинау науқаны қызу жүруде.

Аудан бойынша биыл егілген 26960 гектар бидай, 29717 гектар арпа, барлығы 56677 гектар дәнді масақты алқап орақтан өткізілетін болады. Қазіргі уақытта егіс алқаптарында 174 комбайн жұмыс істеуде. Кешеге дейін барлығы 12410 гектар алқап орақтан өтіп, қамбаға 21841 тонна өнім түсті. Аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Сыпатай батыр» ЖШС алғашқы болып егінге орақ салды. Аталған шаруашылықта қазіргі таңда 180 гектар күздік арпаны ору жұмысы қызу жүруде. Қамбаға орташа есеппен әр гектардан 30-35 центнер өнім түсуде.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП