- Advertisement -

Отбасы туралы мәліметтерді қалай түзетуге болады?

265

- Advertisement -

Енді ел азаматтары eGov mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, некеге тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.

Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жолдау жеткілікті. Мысалы, балалардың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, анасы мен әкесі туралы деректер) ұсынылған бөлімдерде жазба дұрыс көрсетілмеген жағдайда, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ұқсас сервис eGov.kz порталында қолжетімді. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 83 мыңнан астам адам өз деректерін өзектендірген.

«Қазақстандықтарда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін.Мәселен, бала көрсетілмейді немесе, керісінше, бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ eGov. kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис eGov mobile мобильдік қосымшасында да қолжетімді», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Аталмыш функцияларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын
ашу қажет. Әрі қарай:
– қызметтер айдарын ашу;
– қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» – АХАЖ АЖ
«мәліметтерді өзектендіру»;
– акт жазбасының түрін таңдау;
– «іздеу» түймесін басу;
– егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру»
батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер»
батырмасын басу қажет);
– әрі қарай қызметке қол қою керек.
Қызмет көрсету нәтижесі мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ
ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат
болып табылады.

Еркін ЖАПАРОВ,
Тараз қаласы бойынша №2 халыққа қызмет
көрсету орталығының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support