- Advertisement -

Мал күтімі маңызды

77

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен аймақта ағымдағы жылдың 5 айында аса қауіпті аурулардың 16 түріне қарсы профилактикалық, 25 аурудың алдын алуына диагностикалық-ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді.

Бруцеллезге шалдыққан мал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайған. Атап айтсақ, ауру мүйізді ірі қарада – 24, қой-ешкіде 40 пайызға төмендеген. Бруцеллезге шалдыққан мал санитариялық талаптарға сай сойылып, қайта өңдеуге жіберілуде. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жоспарға сай орындалып, 1 миллион 063 мың бас мал төлі сырғаланды.

Оның 120 020 басын бұзау, 925865 басын қозы-лақ, 14 311 басын құлын, 932 басын бота, 1 159 басын торай құрайды. Олардың барлығы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерек қорына тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі төл басының өсімі байқалады. Бүгінде шалғай орналасқан елді мекендерде 145 ветеринариялық дәріхана, 11 ветеринариялық клиника халыққа қызмет көрсетуде. Онда жануарлардың жұқпалы емес, инвазиялық және мемлекеттік тапсырыс тізіміне енбеген ауруларды емдеу, хирургиялық көмек көрсету сияқты қызметтер атқарылуда. Өңірдегі ветеринариялық станциялар мен ветпунктілер 166 қызметтік, 23 арнайы ДУК автокөліктерімен, 16 стационарлы, 5 жылжымалы биологиялық қалдықтар өртейтін инсинератор пештерімен қамтамасыз етілген. Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде жануарлар өлекселерін залалсыздандыруға арналған 39 биотермиялық шұңқыр жұмыс істеуде.

Былтыр 2 ветстанция, 17 ветеринариялық пункт ғимараттары қолданысқа беріліп, бүгінгі күнге барлығы 10 ветстанция, 124 ветпункт қызметтік ғимаратпен қамтылды. «Жануарларға жауапты қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының күшіне енген Заңына сәйкес, иесіз қаңғыбас жануарларды аулауды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның қызметкерлері ауылдық округ әкімдерінің өтінімдері, жеке жәнезаңды тұлғалардың қала және аудандық ветеринариялық станциясына немесе

«Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметіне түскен жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңға қала аумағында ауланған иесіз қаңғыбас жануарлар Заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған уақытша ұстау орнына жеткізіліп («Рамазан» ЖК, Волков көшесі №4 мекенжайында), ауланған жануарлар әлеуметтік желілер арқылы таратылып, асырап алуға ниетті тұрғындарға арнайы тәртіппен берілуде. Бүгінгі таңда облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Салтанат БОРАНБАЕВА,
облыс әкімдігі ветеринария
басқармасы «Эпизоотияға қарсы
іс-шараларды ұйымдастыру»
бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support