- Advertisement -

Белсенді жазасын өтеушілер марапатталды

194

- Advertisement -

Бүгінде елімізде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды қоғамға қайта бейімдеу маңызды іс. Жалпы, пенитенциарлық жүйенің басым бағыттарының бірі – сотты болғандарға көмек беру, өмірге деген құлшынысын арттыру сондай-ақ еңбекке тарту. Себебі, сотталғандарды оқшау ұстағанмен, жалпы тіршіліктің тынысынан, қоғамнан біржолата аластатып тастау қателік болар еді.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде тәрбие бөлімінің қызметкерлері жазасын өтеушілердің темір тордағы әр сәтін тиімді пайдалану мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырып, олардың дамуына қанатымен су сепкен қарлығаштай өз үлестерін қосып келеді. Тиісінше, мекеме әкімшілігіне ризашылықпен алғыс айтатын сотталғандар да ҚАЖ қызметкерлерінің қамқорлығына дән риза.

Жуырда аталған мекеме басшылығы айтулы шараларға белсене қатысқан бірқатар жазасын өтеушілерді марапаттап, оларға күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті. Осыдан-ақ, бұл мекемеде жазасын өтеушілерге тәлім-тәрбие беру, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жан-жақты және тұрақты жүргізілетінін анық аңғаруға болады.

Мәди МАХАНОВ,
ЖД-158/5 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support