- Advertisement -

Табиғат Абаилдаев «Egemen Qazaqstan»-ның меншікті тілшісі

94

- Advertisement -

Ақын, есімі елімізге белгілі журналист Табиғат Абаилдаев республикалық Жалпыұлттық «Egemen Qazaqstan» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі қызметіне кірісті.

Табиғат Махатұлы еңбек жолын Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінен бастаған. Облыстық «Арай» жастар газетінде шығармашылық топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.

2014-2021 жылдары облыстық «Aq jol» газетіне мәдениет және спорт бөлімінің редакторы болып қызмет атқарды.

2021 жылдың желтоқсан айынынан осы кезге дейін Жалпыұлттық «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші болып еңбек етті.

Ол «Миллиониум» жыр кітабының авторы.

Республикалық, халықаралық жыр мүшайраларының жеңімпаз –жүлдегері.

Біз «Aq jol» газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған әріптесіміз Табиғат Абаилдаевты Әулиеата жерінде басталып жатқан жаңа қызметімен құттықтап, еңбегіне жеміс және шығармашылық табыстар тілейміз!

«Aq jol»-ақпарат.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support