«BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыкалық этнофестивалі ел көңілінен шықты
«BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыкалық этнофестивалі ел көңілінен шықты
Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Түркі әлемінің бесігі саналатын Ұлы Алтайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар Катонқарағай өзінің ежелгі табиғи сұлулығы сүйсіндірер киелі мекен. Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған. Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды. Іс-шара барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, кемеңгер туындылар орындалды. Сонымен қатар, балалар мен жас музыканттарға арналған шеберлік классы өтіп, соңынан музыканттар қасиетті Катонқарағай жерінен бата алып, балқарағай отырғызып, сол арқылы өлкенің рухани әрі табиғи сұлулығына өз үлестерін қосады.
Нұрасыл Асылханұлы