- Advertisement -

Жауапты маусымға жүйелі дайындық керек

256

- Advertisement -

Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары, қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Рүстем Дәулеттің қатысуымен аталған штабтың көшпелі отырысы өтті.

Оған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев және Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, штаб мүшелері және осы салаға жауапты мамандар қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев жоғарыдағы үш ауданға қатысты білім, денсаулық сақтау және мәдениет салалары нысандарының дайындық жұмыстарының зерделеу қорытындысын баян етті.

Сонымен бірге облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Перизат Жолдығұлқызы, облыс әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Амалов өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Талас ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Мамытов қыс маусымына орай аудан көлемінде жүзеге асқан және алдағы уақытта қолға алынуға тиіс шараларға қатысты мәлімет берді.

Жиынды қорытындылаған Рүстем Рысбайұлы атқарылған жұмыстан гөрі атқарылуға тиіс шаралардың көп екенін тілге тиек етті.
– Жауапты маусымға тиянақты дайындық, үлкен жауапкершілік керек. Кемшіліктер қысқа мерзім ішінде түзетілуі тиіс. Орын алған олқылықтарды жоюға 1 ай мерзім уақыт беріледі. Одан кейін тағы да бір штаб отырысын өткіземіз, – деді Р.Дәулет.

«Aq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support