Мәдениет

Тұманбай Молдағалиевтан бата алған

Тұманбай Молдағалиевтан бата алған

Жас ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Гүлдана ИСАЕВА 1994 жылы Шу қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін бітірген. Мектеп жасынан өлең жазып келеді. Өлең жазуға келгенде қазақ және орыс тілінде еркін көсіледі. Туындылары аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда тұрақты жарияланып тұрады.

Бір ерекшелігі осы Гүлданаға кезінде қазақ халқының көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев батасын беріп, шығармашылық жолына сәтті сапар тілеген екен. Ол кезде Гүлдана мектептің жоғары сыныбында оқитын оқушы болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін баса айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Соған орай өскелең ұрпақты қолдау мақсатында Гүлдана Исаеваның «Балаларға базарлық» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Біз жас ақын Гүлдана Исаеваның «Балаларға базарлық» атты жыр жинағына енген бірнеше өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Жайдары келді жаз Күлімдеп шуақты, Жайдары келді жаз. Өзен-көл суларда, Шағала, үйрек, қаз. Демалыс алдық біз, Оқуды аяқтап. Қызыққа толатын, Шақтарға болып мәз. Ауылда ата-әже, Сағынып барамыз. Құмардан бір шығып, Ойынға қанамыз. Күн ұзақ достармен, Сан ойын табамыз. Суға да шомылып, Құмға аунап аламыз. Жап-жасыл желектер, Ой-қырды жайлаған. Әртүрлі гүлдері, Құлпырып жайнаған. Балалар жарысып, Ойнап жүр шаттана. Көріңіз танысып, Ерекше айнала. Ауылым менің осындай Туып-өскен ауылымды, Сағынамын әрдайым. Отырғанда оңаша, Жазып өлең арнаймын. Демалысқа шыққанда, Тез жетуді ойлаймын. Гүлдер теріп даладан, Қозы-лақпен ойнаймын. Қойлар-қозы, ешкі-лақ, Қорадан шығып маңырап. Таң атса болды өріске, Бет алады жамырап. Шықты өріске бет алып, Сиырлар да мөңіреп. Ауылым менің осындай У-шу дала төңірек. Ауыл – үлкен тәрбие, Үлгі болар тірлігі. Еңбек еткен ерінбей, Бір кісідей бірлігі. Бақшасында атамның Бақшасында атамның, Піскен алма ағаш тұр. Ойнап жүріп балалар, Жүгірместен босқа құр. Таңдап алма тердік, Кішілерге бердік. Әдемісін жедік те, Дәмді екен дедік. Болса да алма қатты, Дәмі балдай тәтті. Ойынымыз осылай, Өтті бүгін сәтті. Қауын Биыл біздің ауылға, Жауып жиі ақ жауын. Бау-бақшада не түрлі, Пісті әдемі көп қауын. Болса бірі торлама, Әңгелек бар, не керек. Дәмі тілді үйірер, Тәттілігі керемет. Көрсем әйбат ойыншық Көрсем әйбат ойыншық, Бөпеме әкеп беремін. Өзі сондай сүйкімді, Өте жақсы көремін. Көтеремін құлатпай, Ойнатамын жылатпай. Ұнамайды бірақта, Тұратыны таң атпай. Бозторғай Табиғат еркесі, Сүйкімді бозторғай. Таң атса ертесін, Тып-тыныш отырмай. Сайраған үндері, Ұйқыңды ашады. Ерекше даусынан, Бар ұйқы қашады. Дауысы бозторғай, Бойыңды елтеді. Жүректі тербетіп, Қылын да шертеді. Әсерлі әуенмен, Көңілім өседі. Ерік күш бойыма, Самалдай еседі. Қайталап дауысын, Інімде күніге. Салады беріліп, Қызығып үніне. Бозторғай дауысын, Бірнеше қайталап. Шырылын ерекше, Ерінбей жүр жаттап.

Гүлдана ИСАЕВА.