Денсаулық

Мақсаты айқын Магамед

Мақсаты айқын Магамед

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы салада тынбай еңбек етіп жүрген азаматтар қатарында ішкі істер органының құрдасы, көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Магамед Ибраимов та бар. Ол бүгінде криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі болып еңбек етеді.

Магамед 1992 жылы 24 қазанда Т.Рысқұлов ауданы, Луговой станциясында көпбалалы еңбекші отбасында дүниеге келген. Ол 2010 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Академиясына түсіп, оны 2014 жылы тәмамдайды. Осы жылы ол Тараз қаласындағы желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесіне қызмет етуге жіберіледі. Қызмет барысында өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және тәртіпті қызметкер ретінде көрсете білді. Полиция капитаны М. Ибрагимов кең байтақ Қазақ жерінде туып-өскенін мақтан тұтады. Ол өзге ұлт өкілі болғанымен қазақ тілін еркін меңгерген және оны өзінің ана тілі деп есептейді. Елдің қауіпсіздігі жолында қырағылық танытып келеді.

Әйгерім Боранбай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.