Әлеумет

Маңғыстау қантты Жамбыл облысынан сатып ала бастады

Маңғыстау қантты Жамбыл облысынан сатып ала бастады

ҚазАқпарат - Ресей шекеріне шектеу қойылған соң Маңғыстау қантты Жамбыл облысынан сатып ала бастады. Маңғыстаудағы дүкендерге тұрақтандыру қорынан қант жеткізіле бастады, деп хабаролайды ҚазАқпарат «Каспий» ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірдегі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорынан өткен маусым айында 70 кәсіпкер қант алды. 132 тонна қант өңірдегі шағын кәсіпкерлерден бөлек, «Дина», «Анвар», «Идеал Маркет» секілді ірі сауда желілеріне сатылды. «Каспий» ӘКК тұрақтандыру қорына тәтті түйіршіктер «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы тасымалданып келді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қантты Жамбыл облысынан да жеткізе бастады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында 195 тонна шекер бар.  width= - Біз осыған дейін қантты Астраханнан тасымалдайтын кәсіпкерден сатып алып отырдық. Соңғы шектеулерге байланысты олар жұмысын тоқтатты. Қазір «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолжетімді бағада ала бастадық. Осы қоймадан қант алуға үшінші рет келіп тұрмын. Қазір 2 тонна қант алып бара жатырмын. Бұл бізге 1 айға жетеді деп жобалап отырмыз, - деді кәсіпкер Мейірбек Мекеев. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тұрақтандыру қорында қант мөлшері жеткілікті. Қордағы қант қала мен аудандардағы кәсіпкерлік бөлімінің сұраныс хатына сай жеке кәсіпкерлерге сатылады.  width=