Елорда күні ерекше аталып өтті

41

Елорда күнін мерекелеу құрметіне орай Таразда түзеу мекемесінде салтанатты шара өтті. Өңірлік ҚАЖ департментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер бұл күні тамаша концерттік бағдарлама ұсынып, өздеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шара барысында сот үкімімен кінәлі деп танылған жандар өзара сайысқа түсіп, өнерлерін ортаға салды. Бұдан бөлек, ойындар, мерекелік шарада викториалар мен арнайы конкурстар ұйымдастырылды. Осылайша, Астана күніне арналған мерекелік бағдарламалар мен мәдени-көпшілік шаралар бір мезетте қызықты әрі толыққанды өтті.

Мәди МАХАНОВ,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жане әлеуметтік психологиялық жумыстары жөніндегі бөлімшесінің бастығы әділет майоры

Comments are closed.