Жаңалықтар

ЮНЕСКО біздің тарихты мойындап отыр

ЮНЕСКО біздің тарихты мойындап отыр

Жалпы облыс бойынша мәдениет ошақтарының жағдайы кейінгі жылдары біршама жақсарған. Өңірдегі мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына да қомақты қаржы бөлініп, мәдениет нысандары жөндеуден өтуде. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылы 15 нысан, 2013 жылы 9 нысан жөндеуден өтсе, 2014 жылы 26 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық филармонияға ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60 800,0 мың теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы облыстық қазақ және орыс драма театрлары 24 713 көрерменге 260 қойылым сахналаған. Аталған ұжымдар репертуарларының қатарына 11 жаңа қойылым қосты. Сонымен қатар, Алматы қаласында Қазақстан театр қайраткерлері одағы мен Мәскеудегі театродақтарының халықаралық конфедерациясымен бірлесе отырып, «ТМД елдері және Прибалтика мен Грузия мемлекеттерінің жас театр қайраткерлерінің ІІ байқауын» ұйымдастыру шараларына қазақ драма театры Д.Фоның «Байы бар, басы бос» қойылымын, орыс драма театры М.Булгаковтың «Мертвые души» спектаклін сахнаға алып шықты. Үстіміздегі жылдың 19 мамырында Халықаралық музейлер күніне орай «Түнгі думан» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараны 2000-ға жуық келушілер тамашалады. 

51 54 55Дүйсенәлі Бықыбаев, облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы.

Бір сөзбен айтқанда мәдениет саласында біршама жұмыстар атқарылды. Соның бір парасы ретінде облысымыздың Алматы облысындағы табысты өткен мәдениет күндерін де атап кетуге болады. Алда «Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады» атты актерлердің халықаралық фестивалі және өзге де ауқымды шаралар тұр. Өңіріміз еліміз бойынша тарихи ескерткіштері көп аймақтардың біріне жатады. 2000 жылдан астам тарихы бар Көне Тараз мекенінің жер қойнауында әлі күнге зерттелмеген тарихи жәдігерлер жеткілікті. Киелі Әулиеата жерінде бүгінгі күні екі мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштері тіркелген. Тараз қаласындағы бұрынғы базар орнындағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы тоқтала кеткен де жөн болар. 2011 жылдан бері археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде «Ежелгі Тараз» қалашығының беткі мәдени қабаты аршылып, қазба жұмыстары басталған болатын. Жүргізілетін археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 33 000 қыш құмыра бұйымдарының сынықтары табылып отыр. Олардың ішінде 107 данасы бүтіндей сақталған. 33 монета, 26 шыныдан жасалған және 5 дана сүйектен жасалған археологиялық жәдігерлер табылды. 2014 жылы «Ежелгі Тараз» қалашығындағы қазба жұмыстарының аумағын ұлғайту жұмыстарына облыстық бюджеттен 176,0 миллион теңге бөлінді. «Ежелгі Тараз» қалашығының бірқатар нысандарында (қорғаныс жүйесі, цитадель, шахристан, рабад) қазба жұмыстарын 4 мердігер компания жүргізуде. Олар: «Археологическая экспертиза» ЖШС, «Археолог «Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, «Қазархеология» ЖШС, «Археологическая экспедиция» ЖШС. Үстіміздегі жылдан бастап, «Ежелгі Тараз» қалашығы орнында «Көне Тараз – Мәңгілік елдің бесігі» атты «Археологиялық саябақтың» бизнес жоспары жасалуда. Аталған тақырыптағы бизнес жоспар негізінде Ежелгі Тараз қалашығын ашық аспан асты мұражайына айналдырып, туристік кластерді дамыту жұмыстары жоспарлануда. Археологиялық зерттеу жұмыстарын тереңдетіп, ғылыми зерттеулерге жол ашу мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында облыс әкімдігі мен Мәдениет министрлігі арасында екі жақты меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында археологиялық зерттеу жұмыстары тереңдетіліп, ғылыми зерттеулерге жол ашылатын болады. Сонымен қатар, 2014-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеу жұмыстарының тұжырымдамасы әзірленуде. Нәтижесінде Тараз өзінің тарихи шаһар екенін толық дәлелдеп шығады. Оның сыртында біздің ЮНЕСКО мойындаған қалашықтарымыздың да орны ерекше болмақ. Әсіресе, Ақыртас қалашығы тарихтың кеніне айналады деген ой бар.