- Advertisement -

Дияс Жақсылықбек – Азия чемпионы

120

- Advertisement -

Бахрейннің Манама қаласында жастар және жасөспірімдер арасында грек рим және еркін күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Дияс Жақсылықбек топ жарып, алтыннан алқа тақты. 38 килограмм салмақта өнер көрсеткен Дияс Ирак, Иран, қырғыз, үнді елдерінің спортшыларынан басым түсіп, жеңімпаз атанып отыр.

Диясты екі дүркін Олимпиада чемпионы Дәулет Тұрлыханов марапаттады. Д.Жақсылықбек №7 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірті. Диястың бапкерлері – жастар арасындағы Олимпиада чемпионы Жәнібек Қандыбаев пен Қуандық Нұрғалым. Жеңіс жолында олар да ерекше тер төкті. Енді Д.Жақсылықбек алдағы қазан айында Румынияда өтетін «Балқан чемпионаты» халықаралық турниріне қатысу үшін жаттығуға қайта кіріседі. Осылайша, Дияс болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support