Жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай – қола жүлдегер

52

Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Бұл турнир осымен ХІ мәрте жалауын көтеріп отыр. Аталған турнирде өңіріміздің намысын былтырғы «Қазақстан барысы» турнирінің күміс белбеу иегері Ғалымжан Қырықбай мен мойынқұмдық Жамбыл Тұрғыналиев қорғағаны белгілі.

Өкінішке қарай, Жамбыл алғашқы белдесулердің бірінде ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Ал Ғ.Қырықбай бірнеше қарсыласын ұтып, жартылай финалда қызылордалық Мақсат Исағабыловқа есе жіберді. Мақсат финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылқаповты ұтып, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің алтын белбеу иегері атанды. Сөйтіп, 25 миллион теңге қаржылай сыйлық пен алтын тайтұяқты олжалады.

Жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай қарсыласының жарақатына байланысты қола белбеуді шаппай иеленді. Ғалымжан Қырықбай алдағы жылдары «Қазақстан барысы» турнирінің алтын белбеуін иеленуді мақсат тұтады. Осы мақсат жолында өзінің мықтылығын танытып келеді. Ғ.Қырықбайдың қола жүлдесі де жақсы жетістік.

Comments are closed.