Денсаулық

Елорда Еуразияның іскерлік орталығы болуы тиіс

Елорда Еуразияның іскерлік орталығы болуы тиіс

Елорданы дамытудың 2030 жылға дейінгі бас жоспарына сәйкес, ел астанасы Нұр-Cұлтан ұзақ мерзімді перспективада Еуразияның іскерлік, мәдени, ғылыми орталығы болуы тиіс деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта «Астана қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №848 қаулысымен бекітілген Бас жоспар әрекет етеді. Белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава әзірлеген астана бас жоспарының негізгі идеясы тұжырымдамасы сақталған. Олар: табиғат пен адамның симбиозы, қалалық ортаның метаболизмі мен үйлесімі. Нұр - Сұлтан қаласының бас жоспарының негізгі қағидаттары оның көп орталықтылығы, ықшамдылығы және аумақты дамытудың теңгерімділігі болып табылады. Елорданың бас жоспарына сәйкес жаңа аудандар қалыптастырылды, оларда астанаға қайталанбас заманауи сәулет бейнесін беретін нысандар серпінді салынуда: жаңа әкімшілік орталық, сол жағалаудағы тұрғын үй кешендері, Мыңжылдық аллеясы, Мәңгілік Ел, Тұран даңғылдары, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ауданы, «Жағалау», «Саранда» тұрғын аудандары, Family Village коттедж қалашығы, сондай-ақ оң жағалауда қаланың қалыптасқан бөлігін кешенді қалпына келтіру. Бекітілген бас жоспарға сәйкес қала аумағы 2030 жылға 79733 гектар болып анықталған. Ал халық саны – 1,220 миллион адам, тұрғын үй қоры – 37,2 миллион шаршыметр. Қолданыстағы бас жоспарда 1 адамға есептегендегі норма 30 шаршыметр болып қабылданған. Қаладағы жасыл көшеттердің ауданы 2030 жылға дейін 36 335 гектарды құрайды деп жоспарлануда. Нұр-Сұлтан қаласын Еуразияның мәдени орталығы ретінде дамыту бөлігінде о сы салада Қазақстан астанасының имиджін алға жылжыту бойынша шаралар қабылдануда, мәдениет және спорт нысандарын жобалау және салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Халықаралық сәулеттік конкурстардың нәтижелері бойынша итальяндық сәулетші Манфредо Николетти жобасы бойынша «Қазақст ан» киноконцерт залы, Норман Фостер жобасы бойынша Бейбітшілік және келісім сарайы, түрік сәулетшілерінің жобасы бойынша Ұлттық кітапхана, Мемлекеттік мұрағат, Тәуелсіздік сарайы, қазақстандық сәулетші Шоқан Матайбековтің жобасы бойынша «Шабыт» өнер университеті, қазақст андық сәулетші Төлеген Әбілданың жобасы бойынша Астана қаласының мемлекеттік циркі, швейцар сәулетшілерінің жобасы бойынша «Астана – опера» опера және балет театры, Ресейдің сәулетшісі Никита Явейннің жобасы бойынша Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасы, Оқушылар сарайы, қазақстандық сәулетші В.Лаптевтің жобасы бойынша Қазақстан тарихының мұражайы, қазақ драма театры салынды. Бұрын салынған және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мәдениет нысандарының ішінде келесілерін атап өту қажет: Тұңғыш Президент мұражайы, Президенттік мәдениет орталығы, Конгресс-холл, Күләш Байсейітова атындағы театр , Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, Музыка академиясы, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, «Арсенал» кинотеатры, «Жастар» сарайы. Келешекте Астана агломерациясының өзегі ретінде елорданы дамыту бойынша әзірленген бірінші кезектегі шаралар кешені іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта жаңа құрылыс аумақтарына қарқынды кешенді құрылыс , сондай - аққаланың қалыптасқан бөлігін оңтайландырылған игеру аумағының шекарасында қайта құру жүргізілуде: – Мыңжылдық аллеясы және «Метро» СО ауданындағы Қарағанды тас жолының оңтүстігіндегі аумақ; – Мәңгілік Елдаңғылының бойындағы құрылыс; – Тұран даңғылының батысындағы құрылыс; – Тельман тұрғын а лабының оңтүстігіне қарай құрылыс салу; – Асан Қайғы көшесінің бойындағы аумақты қайта жаңарту және реновациялау. Елорданың аумағын теңгерімді дамыту үшін және Есілдің оң жағалауы – бұл қала халқының басым бөлігі тұратын қаланың тарихи қалыптасқан бөлігі екенін ескере отырып, кешенді қайта жаңартуды талап етеді, осыған орай жоспарлы, тұрақты жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге халықтың нақты өсу динамикасы уақыт талаптарына жауап беретін жаңа бас жоспарды әзірлеуді ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді.

Маржан РАҚАЙ.