- Advertisement -

Бабамыздың үнісің сен, домбыра!

110

- Advertisement -

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру, Ұлттық домбыра күнін атап өту, қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясын ілгерілету, ұлтымыздың символы болған халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа әуенмен жеткізіп келген киелі домбыраны дәріптеу мақсатында Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс өнер шеберлерінің қатысуымен «Домбыра – дастан» атты домбыра рarty 200 домбырашының қатысуымен өтті. Іс-шара қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.

Мұнан соң жиналған қауымды облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, халқымыздың қастерлі аспабының қадір-қасиетіне тоқталды. Сондай-ақ ол «Балалар жылына» орай Алматы қаласында жас домбырашылар арасында өткен «Домбыра -дастан» республикалық байқауында кіші топ арасында бас жүлде иеленген Аяна Дәулетбай мен жасөспірімдер тобы арасында жеңімпаз атанған Бақдәулет Жанатбекке домбыра аспаптарын сыйға тартты.

Дәстүрге айналған іс-шарада Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі, облыс өнерпаздары, дәстүрлі әншілер өнер көрсетті. Жалпы, Жамбыл өңірінде домбырашыларға деген құрмет жоғары. Жақында Қазақстан домбырашылар одағының облыстық филиалы құрылып, оның төрағалығына танымал күйші, айтыс ақыны, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Дидар Басықараев сайланған болатын. Аталған жиында бұл филиалдың жұмысы жандана түсетіні де айтылды.

Іс-шара соңында Қазақстан домбырашылар одағына мүшелікке өткен елуге жуық жергілікті өнерпазға сертификат және куәлік тапсырылды. Осылайша, Ұлттық домбыра күні мерекесі ұлағатқа толы іс-шаралармен есте қалды.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support