Әлеумет

Жамбыл жоғары медициналық колледжі - Әулиеата бренді

Жамбыл жоғары медициналық колледжі - Әулиеата бренді

1983 жылы мейірбикелерді дайындайтын кешкі оқыту бөлімі ашылса, 1994 жылы Жамбыл медициналық училищесі атауы Жамбыл медициналық колледжіне ауыстырылып, 1996 жылы орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі ашылды. 2015 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдық мерейтой аясында колледж тарихына арналған бұрыш пайдалануға берілді.  width= 2016 жылдан бастап колледжді дәрігер-педиатр Жәмиля Сарыбекова басқарып келеді. Жәмиля Нұрғалиқызы – медицина, педагогика ғылымдарының магистрі, денсаулық сақтауды басқару магистрі. «Жыл кәсіпқойы» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Білім беру ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі», Жамбыл облысының 80 жылдығына орай «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 2018 жылы «Үздік директор» аталымын иеленді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен, «Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясының дипломымен марапатталған. Отбасында төрт ұл-қыз тәрбиелеп отырған ұлағатты ана. Осындай білікті маман басқарған колледждің мәртебесі қашанда биік. 2019 жылы колледж қайта ұйымдастырудың оңтайлы бағасын алып, жоғары колледж статусына ие болды.  width= Бүгінгі таңда Жамбыл медициналық колледжі заман талабына сай болашақ орта медициналық және фармацевтикалық мамандарын даярлайтын, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсын өткізетін арнаулы оқу орны. Колледждің миссиясы: еңбек нарығында қажетті, азаматтық өмірлік ұстанымы белсенді жоғары білікті мамандар дайындау. Колледж «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігі «Фельдшер», «Акушер», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры», көзі көрмейтін мүгедектерге арналған «Массажист», «Фармация» мамандығы бойынша біліктілігі «Фармацевт», «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілігі «Медициналық зертханашы» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.  width= Мекеменің материалдық-техникалық базасы цифрландыруды енгізумен, оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттандырумен, білім беру үдерісіне инновациялық технологиялар-smart-технологияларды енгізумен жабдықталған. Колледжде орта медициналық мамандар мен студенттердің білімі мен тәжірибелік дағдыларын бағалау мақсатында: клиникаға дейінгі оқу-тәжірибелік орталығы, аймақтық симуляциялық орталық, мейірбике ісін дамытудың аймақтық орталығы жұмыс істейді. Колледж жаңа жабдықтармен жабдықталған, колледждің ақпараттандыру жүйесі компьютерлер, планшеттер, интерактивті тақталармен, лингафондық, мультимедиялық және мобильді кабинеттермен, экрандармен, мониторинг және білім беру сапасы бөлімімен, ақпараттық дүңгіршектермен, Смарт анатомия, патанатомия, физиология кабинеттерімен жабдықталған. Смарт кабинеттер: 3D принтерлермен (Creatabble d3), (XYZ da Vinci 1.0), сенсорлы Led экранмен, интерактивті сенсорлы LCD парталармен, екі Smart kapp; интерактивті тақталармен, 3D көзілдіріктермен; 3D қаламдармен (Myriwell) RP2008, планшеттермен қамтылған. IT class 22 ноутбукпен жабдықталған. Жамбыл медициналық колледжі 86 жыл аралығында 25 мыңға жуық орта буын медицина қызметкерлерін дайындап шығарды. Мәселен, облыс аумағында мейлі қаладағы, мейлі ауылдағы қай ауруханаға барсаңыз да осы Жамбыл жоғары медициналық колледжін бітірген мамандар қызмет еткен, әлі де қызмет етіп жатыр. Қаншама ғылыми медициналық орталықтарда аталған колледж түлектері өздерінің терең білімдерін танытып жүр. Олардың ішінде колледж ұжымы мақтан тұтатын елімізге және сырт елдерге танымал тұлғалар бар. Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Қ.Кукеев, Н.А.Абдықалиев, А.Ә.Бейсебаев, А.Ж.Қарқабаева, Б.А.Наржанов, ақын Күләш Ахметова – колледж мақтаныштары. Колледж ұжымы дамуы жоғары, ауызбіршілігі қалыптасқан, ұйымшыл, еңбекке қабілетті ұжым. Жалпы қызметкерлер саны – 210, оның ішінде педагогтер – 127, бір ғылым кандидаты, 23 магистрант бар. Еңбектері жоғары бағаланған педагогтер ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің үздігі» «Айрықша жетістіктері үшін», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер», «Гордость образования», «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі», Ы.Алтынсарин атындағы, «Мейірім», «Астана – 20 жыл» және де тағы басқа медаль, ордендермен, министрліктің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Колледж орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан Республикасының жетекші оқу орны болуға ұмтылады. Осы тұрғыда аталған оқу орны: ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Қыран» аймақтық тұтынушылар лигасының «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша «Халық таңдауы» «Алтын қыран» сапа сертификаты; «Сапа үшін еуропалық Гран при» Халықаралық конкурсының «Инновацияға қосқан үлесі және білім берудегі дәстүрлерді сақтағаны үшін» номинациясы бойынша лауреат. Швейцарияның көшбасшыларды марапаттау бағдарламасы; Білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін және Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін «Білім беру саласының көшбасшысы – 2015», «Білім беру саласының көшбасшысы – 2017», «Білім беру саласының көшбасшысы – 2018», «Білім беру саласының көшбасшысы – 2019» Ұлттық сертификаттары; Қазақстан – 2016 үздік медициналық колледждердің ұлттық рейтингі бойынша 7-орын – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жоғары кәсіби шеберлігі мен жанқиярлық жұмысы үшін «Білім беру саласындағы үздік» халықаралық энциклопедиясына қатысушы дипломы; «Диплом полуфиналиста в области «Лидерство в сестринском образовании»; 2019 жылы Қазақстан медициналық колледждерінің ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша 4-орынға шығып, Сертификатына ие болған. «Талап» («Кәсіпқор») КЕАҚ тарапынан ҚР колледждерінің 2018-2019 оқу жылы жұмысының қорытындысын бағалауға өткізілген рейтинг көрсеткіші бойынша 70,1 пайызбен жүлделі II орынды иеленді. «Үздік қазақстандық – 2019» жалпыұлттық жобасына қатысып, «Үздік білім орталығы» айдарында колледж жетістіктері туралы мақала жарияланып, үздік білім беру мекемесі деп танылды. Колледж 2023 жылға дейін барлық мамандықтар бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы өткізген ҚР медициналық колледждері түлектерінің білімін тәуелсіз бағалаудың Тестілеу нәтижелері бойынша 2019-2020 оқу жылында барлық мамандық түлектері 96,7 пайыз колледжде алған білімдерін растады. «Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2020» облыстық байқауында колледж жүлделі 1-орынды жеңіп алып, 1 миллион теңге Сертификатына ие болды.  width= Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қазақстан экономикасы мен кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосқан үлесі және нәтижелі қызметі үшін «Сала көшбасшысы – 2020» атағына ие болды. 2020 жылы 28 желтоқсанда сол кездегі облыс әкімі Б.Сапарбаев пен ҚазҰМУ сол кездегі ректоры Т.Нұрқожинның қатысуымен Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында аталған университетінің филиалын ашты. 2020 жылдың 28 желтоқсанында еліміздің Тұңғыш Президентінің үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай колледжде «Ағылшын тілі» кабинеті, ІТ кабинет студенттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыру мақсатында ашылды. Мұнда инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады. Колледж шетелдік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен ынтымақтастыққа көп көңіл бөледі. Оқытушылар білім алушылардың ғылыми әлеуетін үнемі дамытып отырады, колледж студенттері әртүрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу және қоғамдық іс-шараларға, аймақтық, облыстық және республикалық, халықаралық конференцияларға, байқауларға белсенді қатысады. Студенттер марапаттарының арасында: «ҚР медициналық колледжінің үздік түлегі – 2015 жыл» республикалық байқауында ІІІ орын; «Үздік фармацевт-2015 жыл» байқауында ІІ орын; «Шұғыл көмек аумағы» кәсіби шеберлік чемпионаты» халықаралық байқауында ІІ орын (Омбы қ., 2017 ж.); «Фармация» мамандығы бойынша «ҚР медицина колледжінің үздік түлегі – 2017» республикалық байқауында І орын; «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «ҚР медицина колледжінің үздік түлегі – 2017» республикалық байқауында ІІІ орын; «Шұғыл көмек аумағы» халықаралық байқауында «Жүрек-өкпе реанимациясын көрсету» номинациясы бойынша және І-ші дәрежелі абсолютті чемпионның Дипломдары (Омбы қаласы, 2018 ж.); «Encephalon» командасы ҚР медициналық колледждерінің студенттері арасында «Анатомия білгірі» байқауының Дипломы (Түркістан қаласы, 2018 ж.) бар. Сондай-ақ колледж студенттері «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша республикалық online-олимпиадасында I орынға иеленсе, «Жас дарын» республикалық байқауының медалімен, «Гиппократ» республикалық олимпиадасының Дипломымен марапатталған. «Медициналық және әлеуметтік көмек» кәсіби құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Jambul-2020» облыстық чемпионатында колледж студенті I орынға ие болды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу субъектілерінің қызметін рейтингтік талдау нәтижелері бойынша «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2021» құрметті атағымен марапатталды. Куәлік рейтингтегі тұрақты орнын растайды. Орасан жетістіктерге бірнеше рет қол жеткізгені, саладағы көшбасшылық тұрақтылығы, қызметтегі маңызды нәтижелері және Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасының 100 үздік мемлекеттік кәсіпорындарының қатарына енді. Өткен оқу жылының жетістіктері де көңіл қуантады. Атап айтқанда, 2021 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері арасында «WorldSkills Jamdyl-2021» облыстық «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша чемпионатын ұйымдастырды. Чемпионатқа Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері мен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж студенттері қатысты. Жүлделі I орынға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімі, 404-топ студенті М.Е.Лесқалиев, II орынға «Мейіргер ісі» бөлімі, 401-топ студенті Н.Н.Қалдыбаева, III орынға «Тараз-Болашақ» колледжінің студенті Е.Молдабай ие болып, дипломдармен марапатталды. 2021 жылдың 15-19 қараша күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Жұмысшы кәсібінің маңыздылығын арттыратын аталмыш сайысқа Қазақстанның 16 облысынан 16 сайыскер қатысты. Жастардың кәсіптегі шеберлігін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan-2021» республикалық чемпионаты өз мәресіне жетіп, Жамбыл облысы студенттері аймақ үмітін ақтады. Чемпионат нәтижесінде 4 құзыреттілік бойынша 5 студент жүлделі орындарды иеленді: «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Кәрім Сүйінбекұлы 1-орын – алтын медаліне ие болды. 2022 жылы 29 сәуірде «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. WorldSkills чемпионаты – бұл бүкіл әлемдегі жастар үшін кәсіби шеберлік байқауы. Чемпионат нәжижесі бойынша 1-орынды «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК колледж студенті Қ.А.Қырықбай, 2-орынды Р.М.Вердиева, 3-орынды «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» студенті А.Е. Турсалиева иеленді. 1-орын иеленген қатысушы Қ.А. Қырықбай «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды. Мейіргер білімін жаңғырту, жаңа мамандықтар бойынша лицензия алу, мейіргер ісі бойынша қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлау, педагогикалық кадрларды жоғары медициналық білімі бар оқытушылармен жинақтау, шетелдік білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту – міне, осының барлығы колледждің болашақта қол жеткізетін және жүзеге асырылатын үлкен жоспарлары болып табылады. Алдағы уақытта да Жамбыл жоғары медициналық колледжі өңірімізге және өзге облыстарға да білікті орта буын медициналық мамандар даярлайтын сапалы оқу орны ретінде абыройлы қызмет ете бермек. Ол үшін аталған колледждің барлық мүмкіндіктері бар. №KZ 31LAA00016230 мем.лицензия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен 04.06.2019 ж. берілді.