- Advertisement -

Облыс әкімі Жамбыл ауданындағы картоп алқабын аралады

46

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Тараз қаласын қоршап жатқан Жамбыл ауданында болды.

Алдымен аймақ басшысы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы «Егізбай» шаруа қожалығының егіс алқабын көрді.

Егін шаруашылығынан табысын тауып отырған Нұрлан Егізбаевтың шаруа қожалығы туралы айтқан аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы биыл 75 гектарға картоп, 35 гектарға пияз, 30 гектарға бидай, 10 гектарға көпжылдық шөп, 6 гектарға сәбіз еккенін атап өтті.
Шаруашылық гектарынан 30-35 тонна өнім алатынына сенімді

Егістік алқабына 2 трактор, 1 комбайн, картоп, пияз
қазатын техника, акларезка, бүріккіш жұмылдырылған.

Аймақ басшысы картоп алқабын аралап, егін судың жайын сұрап, өнімді ысырапсыз жиналуына мән беру қажеттігін алға тартты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support