- Advertisement -

4-шілде Ермек Серкебаевтың туған күні

198

- Advertisement -

Кеңес Одағының халық әртісі, Қазақ­­­стан­­ның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мем­лекеттік сыйлық­тарының лауреаты, Социа­листік Еңбек Ері, әйгілі әнші Ермек Бек­­­­мұ­хамедұлы Серкебаев 1926 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келіп, 2013 жылдың 16 қарашасында 88 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ермек Серкебаев ұлт мәдениетінің, әсіресе, классикалық музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол өнердегі жолын Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқи жү­ріп, 1947 жылы Абай атындағы опера және ба­­­лет театрында қойылған А.Жұбанов пен Л.Ха­­­­­ми­дидің классикалық туындысы – «Абай» опе­ра­сындағы Абай партиясын орындаудан бастады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support