Денсаулық

Алматыда «сөйлейтін» дрон ұшып жүр

Алматыда «сөйлейтін» дрон ұшып жүр

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінің үстінен дрон ұшырды. Енді демалушыларға суға түсу ережесін ұшып жүрген дрон айтып, көрсетіп бере алады деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомстводағылар аптап ыстық басталғалы көл маңында шомылушылар көбейгенін айтты. Рейд жүргізгенде су айдындарында алкоголь ішіп жүретіндер жиі тіркелген.

Алматылық құтқарушылар көпфункциялы дронның көмегімен қашықтан адамдардың әрекетін немесе басқа да жағдайларды көре алатыны бұған дейін хабарланған еді. Арнайы дрон өрттің шығу орнын, сонымен қатар тәртіп бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.