Ауады да тұрады аңсарым-ай!
Ауады да тұрады аңсарым-ай!
Ермахан Ыбырайымов, бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы.
Әр адамның туған жері – Мысыр шәрі. Мен өзім Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жақсылық ауылында туылдым. Сол кездегі Жамбыл шаһарында бокстың әліппесімен, қыр-сырымен таныстым. Қандай да бір жетістікке жетсем де, жамбылдық екенімді айтып, ылғи да мақтанып жүремін.
Таңбалы тарихтың куәсі, жиырма ғасырлық шежіренің иесі облысымыздың жетпіс бес жылдық мерейтойы біздің ғана емес, күллі еліміздің тойы. Өйткені, еліміздегі көне қала – тарихтың өзі. Айтулы мерекемен барлық жерлестерімді шын жүрегімнен құттықтаймын. Талай дәуірді бастан өткерген атамекеніміз замананың талабына сай дами берсін. Өркенін кеңге жайған өлкенің үлгілі тірлігін, бірлігін көріп, қуанамыз. Алаштың абыройын аспандатар тұлғалары көбейе берсін. Өз басым қайда жүрсем де туған жерімді қаперден шығарған емеспін. Ылғи сағынамын. Аңсарым ауып тұрады. Елдің қымызы, табиғаты, адамдарының болмысы әрдайым жадымда.