Ақылы жұмыс есептегі азаматтардың талап-қарыздарын жабуға таптырмас мүмкіндік

164

Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға бұған дейін талап-қарыздарының өтелуіне бағыт-бағдар берілген-ді. Бұл іске пробация қызметкерлерімен қатар қалалық прокуратура және жеке сот орындаушылар да белсенді атсалысқан.

Ал бүгін қалалық №1,2,3 пробация бөлімі орналасқан ғимарат алдында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» барысында жұмыссыз жүрген сотталған азаматтар екі қолға бір күрек таба алды. Бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде есепте тұрған бірнеше азамат тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, сот үкімімен жазалы деп танылған жандарды қоғамға тез бейімдеудің бірден-бір оңтайлы жолы — оларды жұмыспен қамту. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Қуаныш ҚАЛЫҚ,
Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры

 

Comments are closed.