Денсаулық

«Аяулы Таразымды» сыйға тартамын

«Аяулы Таразымды» сыйға тартамын

1Алтынбек Қоразбаев, Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Шежірелі өңір, құтты мекен саналатын туған жерім Жамбыл облысында 17 жыл қызмет атқардым. Осы тұрғыдан келгенде өңірге еңбегім сіңді деп толыққанды айта аламын. Соның кезінде «Алатау» ән-би ансамблін жандандырдық. Жаңа бағдарламалар ойластырдық. Менің жұлдызды әндерімнің басым бөлігі туған жерде жүрген кезде дүниеге келді. «Қара кемпір», «Қара шалды» Жамбылымда жүріп жаздым. Он бір жыл облыстық филармонияны басқардым. Өлкеміздің жетпіс бес жылдық мерейтойына орай Арғынбай Бекбосын ағамыз екеуміз бірлесіп, шығармашылық тандем құрып, «Аяулы Таразым» атты әнді жазып шықтық. Алла қаласа мерейтойға осы әнді тарту етпекпін. Адам баласы қай жерде жүрсе де туған жерін ұмыт қалдыра алмайды. Оның ішінде жұлдызды шағын Таразда өткізген менің ұмытуға еш хақым жоқ. Мерейтоймен бауырларымды, ағаларымды, іні-қарындастарымды бір сөзбен айтқанда бәрін құттықтаймын. Таланттыларымен танылған Тараздың, Жамбыл жерінің шығармашылық әлеуеті арта берсін. Өңіріміз бар қырынан дами түссін. Біз өркендеген өңірімізбен мақтанамыз. Өйткені, сол елде өмірге келдік.