Басты жаңалық

1 желтоқсанда жаңа жеке куәліктер беріле бастайды

1 желтоқсанда жаңа жеке куәліктер беріле бастайды

Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа жеке куәліктер беріледі, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. «Куәліктер бойынша. Құрметті депутаттар, сіздер біздің куәліктердегі фотосуреттердің күңгірттігі мен түссіздігі жөнінде ескерту жасадыңыздар. Біз бір жыл бойы бұл мәселе бойынша жұмыс істедік: жаңа жабдықтар қажет болса – сатып алдық, түзету қажет болған жерлерге өзгеріс енгізіп, жаңа жеке куәліктерді жасап шығардық – деді Қасымов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. «Жеке куәліктен еліміздің Туы, Елтаңбасы мен картасы лайықты орын алды. Біз куәліктің сыртқы көрінісін барлық мемлекеттік органмен бірге талқыладық, 1 желтоқсаннан бастап, азаматтарымыздың түрлі-түсті фотосуреті бар жаңа куәліктер берілетін болады«, – деді Қасымов.