Басты жаңалық

Иран ғалымдары Н. Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Иран ғалымдары Н. Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Иран Ислам Республикасының ең үздік, алдыңғы қатарлы телеарналарының бірі «Джаме Джам-1» мемлекеттік телеарнасынан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күніне және оның көшбасшысы – ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған деректі фильм көрсетілді. Аталған атақты спутниктік арна Қазақстанның тарихы және оның қазіргі замандағы дамуы, бай мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, республикамызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен дамуы туралы 55 минуттық мазмұнды деректі фильмді көрермендерге ұсынды. Ирандық көрермендер Қазақстанның жаңа елордасы – Астана және еліміздің қаржы және іскер орталығы – Алматы қалалары жайлы көркем кадрларды қызықтады. Бұл әсем фильмде Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың тату-тәтті және бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқаны Ұлт басшысы – Н.Ә. Назарбаевтың қарапайым жұмыскер-металлургтан Қазақстанның Бірінші Президентіне дейінгі өмір жолы толық көрсетілген. Хабарға шақырылған Қазақстан және Орталық Азия бойынша ирандық мамандар М.Мумени және М.Реза Хабаз ғылым докторлары, Иранның кең аудиториясына тәуелсіздік алғаннан бері біздің республикамыздың қол жеткізген табыстары мен жетістіктері, тәуелсіз мемлекет құрудағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен реформаларды жүргізу, республикамыздағы этникааралық және дінаралық диалогты нығайту және Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуы қазақстандық басшының арқасы екенін кеңінен әңгімелеп берді.