Үш дүркін барыс

15

Полиция қызметкері азаматтарды қауіп-қатерден қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзінің дене дайындығы дамыған, кәсіби біліктілігі жоғары болуы тиіс. Бұл ретте жамбылдық полицейлер қатарында iсiне мығым, спортқа жүйрік – полиция майоры Бегiмхан Әдiлбеков осы талаптың iс жүзіндегі айқын дәлелі десек болады.

Жамбыл облысы полиция департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Бегiмхан Өмiрзақұлы тәртіп сақшыларының сапында 2013 жылдан бері қызмет атқарады. Ол мықты командир болуымен қатар, бiрнеше спорт түрін меңгерген Халықаралық дәрежедегi спорт шебері.
Атап айтсақ, қазақ күресiнен екі дүркін Азия чемпионы, ҚР чемпионатының екі дүркін, ҚР кубогының үш дүркін күміс жүлдегері, ҚР Iшкi iстер министрлігінің қазақ күресiнен чемпионы, самбо күресiнен күміс жүлде иегері. Республикада әріптестерінiң арасында жауырыны жерге тимеген үш дүркін полиция барысы.
Қызмет пен спортты өмiрлiк жолында бiрге серік еткен полиция майорының жетiстiктерi қызметтестерiне мақтаныш, жас мамандарға өнеге.

Гауһар АБАТОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.