- Advertisement -

Мансапқа жетудің мәртебелі жолы

78

- Advertisement -

Азаматтардың көпшілігі мемлекеттік аппараттың қызметін бағалау кезінде оны көбінесе «әкімшілік озбырлықтың «қолайсыз, баяу, тиімсіз көзі» деп бағалайды. Сондықтан мемлекеттік басқарудағы кез келген реформаның мақсаты – мемлекеттік аппаратты «тиімді, жинақы және жұмыс істейтін» ету болып табылады. Өйткені бізге шешімдерді әзірлеу, қабылдау және орындаудың тиімді және нақты технологиясы қажет.

Бұл ретте, қабылданатын құқықтық тәсіл нормативтік актілердің талаптан қалып қоюы және өмірлік жағдайлардың алуан түрлілігін қамтудың мүмкін болмауы себебінен жеткіліксіз болып жатады.
Нормативтік-құқықтық актілер шенеуніктің қызметін шектеу үшін жоғарғы және төменгі шекараны белгілейді, бірақ көбінесе оны анықтамайды. Алайда шенеунікке қабылданатын шешімдердің сапасына және олардың тиімділігіне кепілдік беретін технологиялар қажет.
Сонымен қатар экономикалық тұрғыдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің психологиясын, олардың мүдделерін, мақсаттары мен экзистенциалды қажеттіліктерін үлкен және ықпалды топ ретінде ескеру қажет.

Бұл ретте, жеке сектордағы жұмыс институттары және мемлекеттік сектордағы қызметтер қазіргі заманғы ұғымдарға негізделген және оларда біздің ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыз бен дәстүрлеріміздің ерекшеліктері тікелей немесе жанама түрде ескерілген.
«Қызмет» және «қызмет ету» сөздерінің көптеген мағыналары бар екені белгілі. Оларды сәйкесінше «жұмыс» және «жұмыс істеу» сөздерімен шатастырмаған абзал. Мысалы, мемлекеттік қызметші туралы оны «қызмет етеді» деп айтуға болады, бірақ оны «жұмыс істейді» деп айтуға болмайды. Керісінше, шахтер туралы «ауыр физикалық жұмыс істейді» деп айту дұрысырақ болса, оны «ауыр физикалық қызмет атқарады» деп айту ыңғайсыз. Мемлекеттік қызметте негізгі ұғым «лауазым» болып табылады.
Күн сайын мыңдаған қазақстандық жұмысқа, мемлекеттік қызметке барады. Біз жоғарыда атап өткен екі кәсіптің ортақ тұстары көп: кейбір лауазымдық міндеттерді орындау міндеттілігі, кем дегенде оларды орындау құқықтарының болуы, олардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, материалдық сыйақы және қызметті нормативтік-құқықтық реттеу. Айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, жеке сектор қызметкері орындалған жұмысы үшін жалақы алады. Егер олар жұмыс үшін ақы төлесе, онда қызметкер неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым ол физикалық және ақыл-ой күш-жігері үшін өтемақы алуы керек. Осы жерден қорытынды жасасақ, жеке секторлы жалдамалы жұмысшының еңбекақы шегі болмауы қажет.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметкердің жалақысы барлық өзгерістерге қарамастан қатаң бекітілген лауазымдық жалақы деп аталады. Демек, мемлекеттік қызметшінің қаржылық жағдайын жақсартудың негізгі әдісі – мансапқа жету болуы керек.
Шенеуніктің өз міндеттерін атқаруы үшін оған қажетті өкілеттіктер беріледі. Сонымен бірге белгілі бір биліктің болуы оны теріс пайдалану мүмкіндігін ашады, сондықтан жеке сектор қызметкерінен айырмашылығы, заңнама мемлекеттік қызметші үшін нақты шектеулер белгілейді.
Шектеулердің көлемі қарама-қайшылықты талаптардан анықталады: бір жағынан, олар билікті теріс пайдалануға кедергі келтіруі керек, ал екінші жағынан, лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі керек. Шектеулердің көмегімен қызметкерлерден кейбір құқықтарды алып тастау (мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттары үшін, кейде тіпті Конституциялық), жүйені теңдестіру үшін заң шығарушы тұрғысынан жеңілдіктер, артықшылықтар, кепілдіктер түрінде жеткілікті өтемақы ұсынылады.

Осылайша, жұмыс беруші физикалық және ақыл-ой,күш-жігерін өтейтін жеке сектор қызметкерлерінен айырмашылығы, мемлекеттік қызметшілер оған жағымсыз шектеулердің орнын толтыруға құқылы.
Яғни, өтемақы неғұрлым көп болса, соғұрлым мемлекеттік қызметшілер теріс әрекеттерден бас тартады және керісінше, өтемақы неғұрлым аз болса, соғұрлым шенеуніктер заңды бұзады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылғы 7 наурыздағы 57/277 қарарында 23 маусымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы шығарды. Аталған құжатта мүше мемлекеттерді осы күні Мемлекеттік қызметтің қоғам өмірі үшін маңызын және оның даму процесіне қосқан үлесін жариялау үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастыруға, мемлекеттік қызметшілерді марапаттауға, сондай-ақ жастардың өмірлік мүдделерін мемлекеттік қызметші мансабы туралы шешімдер қабылдау бағытына бағдарлауға шақыру қамтылған.

Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін «үкіметтерге саяси реформаларды ілгерілету, институционалдық үйлестіру, шешімдер қабылдаудың инклюзивті процесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімді, жауапты, жалпыға бірдей және есеп беретін жүйелері үшін инновациялық және интеграцияланған тәсілдерді пайдалану керек».
Осы бағыттағы үлкен және тынымсыз жұмыспен көп жылдар бойы біздің еліміз – Қазақстан Республикасының басшылығы да айналысып келеді!

Ермек Тұмабеков,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет
басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support