- Advertisement -

Шаруалармен қазірден келісімшарт жасау тиімді

17

- Advertisement -

Бірер жылда азық-түлік бағасы, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар да қымбаттап, жергілікті әкімдіктер бағаны бақылауда ұстауға мықтап ден қоя бастады. Осы ретте өңір шаруаларының өнімдерін алыпсатарлардан емес, тікелей алқап басынан алудың өзі бағаға айтарлықтай әсер етеді. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте осы және өзге де мәселелер қаралды.

Басқосуда әуелі облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы және цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланысы турасында баяндама жасады. Олар әлеуметтік желіде көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, басшылардың белсенділігіне, өтініштерге жауап беру деңгейіне қатысты талдаулар қорытындысын кеңінен айтып берді.
Аймақ басшысы бірқатар кемшіліктер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауап алып, келер аптада үш айдың шеңберінде кері байланысқа жүрдім-бардым қараған басшыларға шара қолданылатынын ескертті.

Аппарат мәжілісінде қаңтар-мамыр айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және бюджеттің атқарылуы және 6 айдағы болжамдық көрсеткіштер туралы айтылды. Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, қаңтар-мамыр айларының қорытындысына сай өңірде экономикалық өсім 6,2 пайызды құраған. Осы ретте басқарма басшысы аудандар бөлінісіндегі төмен көрсеткіштерді назарға алды. Гүлдана Жауынбекова қаңтар-маусым айларымен негізгі экономикалық көрсеткіштердің күтілу мәндеріне талдау жүргізілгенін жеткізіп, Қордай, Мойынқұм, Сарысу аудандарында инвестиция көлеміне қатысты жоспардың төмен орындалу қаупі бар екенін ашып айтты. Ал облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев биыл 1 маусымға дейін облыс бюджетінің кірістері 207,4 миллиард теңгеге немесе 106,1 пайызға орындалғанын атап өтті. Ескеретін жайт, облыс бойынша жалпы бюджеттік қаражаттар 208,5 миллиард теңгеге немесе 99,4 пайызға игерілген.
Басқосуда Нұржан Нұржігітов биылға жоспарланған көрсеткіштерді уақтылы әрі толығымен орындау маңызды екенін айтып, көзделген межені еңсеруге мүмкіндікпен қоса әлеует те жететінін ескертті.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселеде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағалары қаралды.
Осы мәселе туралы баяндама жасаған облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, аймақта жыл басынан бері жалпы инфляция 8,5 пайызды құраған. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы апта ішінде 0 пайызды, жыл басынан бері 18,5 пайызды құрап, 2 тауар түрі бойынша өсім қалыптасқан. Не десек те, жалпы облыс бойынша 17 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары республикалық деңгейден төмен. Аймақ басшысы жауаптыларға бағаны әрдайым бақылауда ұстау маңызды екенін баса айтып, төрт бағыт бойынша жұмыстарды күшейту қажет екенін жеткізді. Нақтырақ айтқанда, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасына апта сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіп, сауда орындарымен шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер арасында форвадтық келісімшартын көбейтуге күш салған жөн.
Бұл тұрғыда «Тараз» ӘКК-сы тұрақтандыру қорындағы басқа да өнімдерге талдау жасап, сөреге шығарылатын тауарлар бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар сауда орындарындағы үстемақы бойынша бақылауды күшейтіп, мониторинг жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Аппараттық кеңесті қорытындылаған аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Сәндібек ПІРЕНОВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support