400 АЕК мөлшеріндегі грант ұтып алды
400 АЕК мөлшеріндегі грант ұтып алды
– Пробация қызметкерлерінің көмегімен аталған жоба бойынша 3 ай оқып, қолыма сертификатымды алдым. Білікті мамандардан тәлім алып, қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Алдыма қойған арманым, жоспарым бар. Енді, міне, мемлекеттен берілген көмектің арқасында өз кәсібімді ашып, мал шаруашылығын дөңгелетсем деген ойдамын, – дейді есептегі азамат. Жалпы, қазіргі таңда дәл осы пробация бөлімінде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант алуға тағы 15 сотталған азамат ниет білдірді. Олардың бірі шағын ағаш өңдеу цехын ашуды көздесе, екіншісі құрылыс саласында сметалық жоба әзірлеуді қолға алмақ. Тағы бірі – шаштараз сынды жеке кәсіптерін ашып, ел игілігіне жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
Қуаныш Калык, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы.