- Advertisement -

Әдеп нормалары мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі

79

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік қызмет дегеніміз жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз» деп айтқанындай, мемлекеттік қызметшінің міндеті халыққа қызмет ету. Оның әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, халық арасында мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы баршамызға артылған жауапкершілік.

Елдің сенім мен құрметіне бөлену оңай шаруа емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұруы керек.

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.
Қазақстан егемендігін алғаннан бері мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Өйткені еліміздің өркендеуі мен дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, патриоттық сезіміне және білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер болса, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен биік беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты қос ұғым екені айдан анық.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір ант қабылдаған мемлекеттік қызметші осы қағиданы берік ұстанып, ұмытпауы тиіс. Ел игілігі үшін халық қамын ойлап, кез келген жағдайда елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті.

Президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет бағдарламасында алдымызға қойып отырған мақсат мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан олардың бойында коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық-логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе әдеп мәселесiнiң маңызы зор.
Мемлекеттік қызметші іс-әрекетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі. Олардың моральдық-этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі жоғары талап қояды.

Мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп Кодексiн ұстануға мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпарат таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы қажет.

Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары мемлекет болуға қол жеткізудің нышаны екендігін аңғартады. Бүгінгі таңда еліміздің мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары тұрақты сақталып келеді.
«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден», дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп Кодексін оқып, өзін өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді.

Ғани ҚОЙБАҒАРОВ,
Жамбыл мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаменті
басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support