- Advertisement -

Жүйелі жұмыс болса, мәселе де шешіледі

27

- Advertisement -

Жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселесі әлі күнге өзектілігін жоя қойған жоқ. «Еңбек» бағдарламасы аясында соңғы бес жылда көп жұмыс атқарылды. Дегенмен әлі де алда атқаратын жұмыстар аз емес. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабайдың айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адамды тарту жоспарланған. Жыл басынан бері 12290 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 12038-і жұмысқа орналастырылса, оның 6216-сы тұрақты жұмысқа орналасқан. Биыл аталған жоба шеңберінде 2630 адамға қайтарымсыз грант беру үшін 3222,2 миллион теңге қаралыпты. Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін 107 адам 131 миллион теңге қайтарымсыз грант алып үлгерген.

– Қайтарымсыз грантқа ие болғандардың 4-еуі аз қамтылған, 41-і көпбалалы отбасы мүшелері, 13-і еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 13-і мүгедек балаға күтім жасаушылар болса, қалғанын жастар құрайды. Олардың 55-і мал шаруашылығын, 3-еуі құс шаруашылығын, 23-і технологиялық құрал-жабдықтар, 5-еуі еңбек құралдарын, қалған 21-і инвентарь алған. Қазір грант алғандардың 8-і салық органында тіркелсе, 99-ы бір жолғы төлемді төледі. Қазіргі таңда Еңбек министрлігі тарапынан грант берудің жаңа қағидалары дайындалуда. Осыған орай, министрлік тапсырмасына байланысты жаңа қағида бекітіліп келгенге дейін грант беру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жаңа қағида бекітілісімен грант беру жұмыстары қайта жалғасын таппақ, – дейді К.Олжабай.
Осы кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 980 адамның 37-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Жастар тәжірибесіне 611 түлек қатысса, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 4211, алғашқы жұмыс орындарына 19 адам жолданған.

Облыс бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтардың 30,2 пайызы жұмысқа орналасып, жоспар 55 пайызды, жеке сектор жұмыс берушілердің пайызы 48,9-ды құраған. Ұлттық жоба аясында биылдан бастап «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары іске асырылуда. Мұндағы негізгі міндет – халықтың табысын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларына тарту болып табылады. «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша – 29, «Күміс жас» жобасы аясында 249 жұмыссыз жолданды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан жұмыспен қамту деңгейі облыс бойынша 20,3 пайызды құраған.

Өңірлік карта аясында 2022-2025 жылдары аралығында облыста 79730 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл оның 17870-і ашылмақ. Облысты дамыту бағдарламасы аясында 2022-2025 жылдары аралығында жеке инвестициялық жобалар құрылып, 14827 жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Ал бюджет арқылы жасалатын жобалардың тізімдері жинақталуда. «Аманат» партиясының «Өзгеру жолы: әрқайсысына лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша биыл жыл соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40 пайызды құрауға тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған. Тараз қаласы мен аудандық бөлімдердің мәліметі бойынша 2022 жылы бейімделуге тиісті осы 259 нысанның тек 2-і ғана бейімделуден өтіп (Байзақ ауданы), жұмыстар аяқталған», – дейді басқарма басшысының орынбасары.
Аймақта атаулы әлеуметтік көмек алушылар әлі де аз емес. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, өткен жылы облыс бойынша 11874 отбасының 61441 мүшесіне, ал ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ол 7340 отбасындағы 38 319 азаматқа тағайындалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 21,9 пайызға азайған. Созылмалы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жүргізілген талдау кезінде соңғы 5 жылда атаулы әлеуметтік көмек 83,5 мың отбасыға тағайындалған. Оның 10,6 пайызы 3 және одан да көп жыл қатарынан осы көмекті тұрақты алып келген.

Аймақ басшысы бұл мәселені аппарат жиынында талқылаған сәтте: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жүргізілген талдау облыс халқының 30 пайызының осы көмекті алып отырғанын көрсетті. Бұл мәліметті қайта қарау қажет. Қарап отырсам осы көмекті алатындар Тараз қаласы мен Жуалы ауданында көп. Қалада 1486 бола қойсын, Жуалыда – 192, Сарысуда – 133, Т.Рысқұловта – 184, Жамбыл, Байзақ пен Талас аудандарында жүздің үстінде, неге бұлай? Олар қалай 5 жыл қатарынан атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған. Олардың жағдайын ешкім сұрап барып, тұрақты жұмысқа орналастыруға ұмтылмаған ба? Бір ғана Қордай ауданында ғана төмен, яғни атаулы көмек алушылар 76 ғана отбасы. Аудан әкімдері осыған көңіл бөліп, 3-5 жыл қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып келе жатқан отбасыларын қарап, олардың жұмысқа жарамды отбасы мүшелеріне жұмыс тауып беріп жұмысқа тарту керек, – деп тапсырма берген.

Бүгінде басқарма тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынуда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтардың арасынан 1206 адам жұмысқа тартылған. Ал еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы жылдық жоспар бойынша 77,6 пайызды құраса, орындалуы бүгінде 71,1 пайызды құрап отыр. Жылдың соңына дейін басқарма оның орындалуын арттыруды көздеп отыр.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support