«Бос жұмыс орындары» жәрменкесі ұйымдастырылды.

166

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік-құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осыған орай жуырда Тараз қалалық пробация қызметі мен қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрменкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әмеуметтік бағдарламалар  бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге Тараз қаласының тұрғындары мен пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар қатысты.

Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, элекромонтер, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, лекрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңке өткізушілердің басты мақсаты – қызығушылық танытқан жұмыс берушілер мен жұмыс ісдеушілердің назарынаударып, кеңестер беріп, жұмыспен қамту мәселелері бойынша, кәсіптік бағдарлар беру және оқуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды қолдау.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарға, Электронды еңбек биржасының www.enbek.kz порталында орналастырылған ақысыз жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұсынды. Сотталғандарды жұмыспен қамту, түзету жолында маңызды рөл атқарады, өйткені адам жұмыс істесе, оның отбасын асырауға мүмкіндіктері бар. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер әлеуметтік жұмыс берушілермен жеке-қарым қатынас жасап, танымал мамандықтармен таныса алды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Тараз қалалық пробация қызметінде есепте тұрған 28 сотталған азамат қатысып, олардың 11 жұмысқа шақырылды.

Comments are closed.