Әлеумет

«Қақпа алдында кездесу» өткізілді

«Қақпа алдында кездесу» өткізілді

2022 жылы маусым айында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жобасы өткізілді. Жоба мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге бағытталған. 2021 жылы 20 мамырда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырылған, жаза мерзімін түзеу колониясының орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге тағайындалған сотталған А.С.Б. жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түріне (бас бостандығынан шектеу) ауыстыру жөніндегі қолдаухаты Тараз қаласы №2 сотының 16.05.2022 жылғы қаулысымен қанағаттандырылды. Босатылу күні А.С.Б. туыстары, яғни жұбайы мен ұлы мекеме қақпасы алдында күтіп тұрды. Жоба барысында бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталғанға босатылған соң таңдалған Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылы, А.Құрмантаев көшесі №95 үй мекен-жай бойынша барып, жергілікті Пробациялық бөліміне тіркелу тәртібі, сонымен қатар, бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, ҚАК-ң 66,67 баптарының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапқа тартылатыны ескертілді.

 

         Жанар  Айтбаева, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің  инспекторы,

         әділет аға лейтенанты