- Advertisement -

Жастарға арналған пәтер: кімдер, қалай алады?

86

- Advertisement -

Өңір жастарына арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы бар. Биыл аталған бағдарлама аясында жастарды баспанамен қамту мақсатында арнайы жоба қолға алынғаны белгілі. Пәтер алу үшін жеңілдікпен несие беріледі екен дегенді естіген жастар қайда баруы керектігін, қандай өтінім беруі қажеттігін білмей жатқан жайы бар. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожадан бағдарламаның тетіктерін егжей-тегжейлі сұрастырып білген едік. Сонымен:

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
36 жасқа дейінгі, яғни, 35 жастағы азаматтардың да қатысуға мүмкіндігі бар. Олардың ішінде:
— Техникалық және әкімшілік қызметкерлерді қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика саласы қызметкерлері. Яғни, түрлі мемлекеттік бағдарламамен үй алу мүмкіндігі жоқ санаттағы жастар.
— Тараз қаласы және аудандарда тұратын жас азаматтар.

ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
— Облыс аумағында өзі еңбек ететін саладағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек.
— «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы тиіс. Оның нақты бекітілген сомасы жоқ. Мүмкіндігінше алатын пәтер сомасының кемінде 5 пайызы болғаны абзал.
— Бағдарламаға қатысушы немесе оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы қажет.
— Отбасының әр мүшесіне шаққандағы кіріс мөлшері 140 470 теңгеден аспауы тиіс.
— Осы шарттарға сай келетін Жамбыл облысының жас азаматтары өтінім бере алады. Олардың арасынан жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады.

ҰПАЙ САНЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
— Қатысушылардың заңды некеде тіркелген уақыты 2 жылға дейін болса – 1 ұпай, 3-4 жыл – 2 ұпай және 5 жылдан асса 3 ұпай.
— Балалар саны 2 болса – 1 ұпай, 3-4 бала – 2 ұпай, 5 және одан көп болса – 3 ұпай.
— Еңбек өтілі 5 жылға дейін – 2 ұпай, 5 жылдан 10 жылға дейін – 3 ұпай, 10 жылдан астам – 4 ұпай.
— «Отбасы банкте» бастапқы жарнасы алатын үйінің 5 пайызы болса – 2 ұпай, 10 пайызы – 4 ұпай, 15 пайызы – 6 ұпай.

КІРІС КӨЛЕМІ ҚАНША БОЛУЫ ТИІС?
— Кірістің шекті құны ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 140 470 теңге.
— Яғни, отбасындағы әр адамға шаққанда 140 470 теңгеден аспауы тиіс.

«ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ШАРТЫ ҚАНДАЙ?
— Алғашқы 8 жыл – 5 пайыз.
— Келесі 11 жыл – 3,7 пайыз.

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?
Бүгінде өтінім қабылдауға арналған арнайы сайт жұмысы тиянақталуда. Жоспарға сай 1 шілдеден бастап сайт іске қосылып, жастардан өтінім қабылдана бастайды.

Маржан РАҚАЙ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support