Жастарға арналған пәтер: кімдер, қалай алады?

Жастарға арналған пәтер: кімдер, қалай алады?
36 жасқа дейінгі, яғни, 35 жастағы азаматтардың да қатысуға мүмкіндігі бар. Олардың ішінде: - Техникалық және әкімшілік қызметкерлерді қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика саласы қызметкерлері. Яғни, түрлі мемлекеттік бағдарламамен үй алу мүмкіндігі жоқ санаттағы жастар. - Тараз қаласы және аудандарда тұратын жас азаматтар. ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ? - Облыс аумағында өзі еңбек ететін саладағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек. - «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы тиіс. Оның нақты бекітілген сомасы жоқ. Мүмкіндігінше алатын пәтер сомасының кемінде 5 пайызы болғаны абзал. - Бағдарламаға қатысушы немесе оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үй болмауы қажет. - Отбасының әр мүшесіне шаққандағы кіріс мөлшері 140 470 теңгеден аспауы тиіс. - Осы шарттарға сай келетін Жамбыл облысының жас азаматтары өтінім бере алады. Олардың арасынан жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады. ҰПАЙ САНЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ? - Қатысушылардың заңды некеде тіркелген уақыты 2 жылға дейін болса – 1 ұпай, 3-4 жыл – 2 ұпай және 5 жылдан асса 3 ұпай. - Балалар саны 2 болса – 1 ұпай, 3-4 бала – 2 ұпай, 5 және одан көп болса – 3 ұпай. - Еңбек өтілі 5 жылға дейін – 2 ұпай, 5 жылдан 10 жылға дейін – 3 ұпай, 10 жылдан астам – 4 ұпай. - «Отбасы банкте» бастапқы жарнасы алатын үйінің 5 пайызы болса – 2 ұпай, 10 пайызы – 4 ұпай, 15 пайызы – 6 ұпай. КІРІС КӨЛЕМІ ҚАНША БОЛУЫ ТИІС? - Кірістің шекті құны ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 140 470 теңге. - Яғни, отбасындағы әр адамға шаққанда 140 470 теңгеден аспауы тиіс. «ОТБАСЫ БАНКТІҢ» ШАРТЫ ҚАНДАЙ? - Алғашқы 8 жыл – 5 пайыз. - Келесі 11 жыл – 3,7 пайыз. ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ? Бүгінде өтінім қабылдауға арналған арнайы сайт жұмысы тиянақталуда. Жоспарға сай 1 шілдеден бастап сайт іске қосылып, жастардан өтінім қабылдана бастайды.
Маржан РАҚАЙ