Қордайда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

23

Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Гвардейск кентіндегі биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен кездесті. Мұнан соң биофармацевтикалық зауытта жиналыс өтіп, онда кәсіпорынның өндірістік қуатын дамыту жобаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Отар ауылында болып, дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізу барысымен де танысты. Нысан 1978 жылы салынған. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілген. Қазіргі таңда бір мезгілде 25 науқас емделе алады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Дәрігерлер ауыл тұрғындары жедел әрі білікті медициналық көмек немесе кеңес алуы үшін қолжетімді аймақта болуы тиіс. Сондай-ақ барлық тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту міндеті де басты назарда тұр, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы 1979 жылы салынған №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепке де атбасын бұрды. Мектепте 800-ден астам оқушы оқиды. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталады. Ал жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.