Ш.Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

85

Мемлекет басшысы «Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

 

– Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген жарлықта.

 

Шәмші Қалдаяқов – қазақ композиторы, қазақ вальсінің королі. 1956 жылы «менің Қазақстаным» әнін жазды, кейін ол Қазақстанның қазіргі әнұранына айналды. Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан шыққан.

Comments are closed.