- Advertisement -

Облысқа әлі де 150 дәрігер қажет

50

- Advertisement -

Денсаулық – зор байлық. Халыққа облыста 388 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 26-сы аурухана, 24-і амбулаториялы-поликлиника, 122-сі дәрігерлік амбулатория, 53-і фельдшерлік-акушерлік, 142-сі медициналық, ал 15-і ғимаратсыз медициналық пункттер. Жеке медициналық ұйымдардың саны – 58.

Биыл денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 2,2 миллиард теңге бөлініп, 144 медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Атап айтсақ, 20 экстракорпоральды мембранды оксигенация аппараты, 40 көпфункциональды кереует, үш анестезияға арналған тыныс алу, төрт цифрлық рентген, бір КТ аппараты, бір ЛОР операцияға арналған бейнекешен, төрт ашық неонатальды реанимация жүйесі, бір эксперттік кластағы УДЗ аппараты және т.б. Бұдан бөлек, республикалық бюджет есебінен 2 миллиард теңгеге «Сызықты үдеткіш» сатып алынды. Нәтижесінде облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 88,4 пайызды құрап, 0,3 пайызға өскен.

Бүгінгі таңда облыстың әлеуметтік-демографиялық табиғи өсімі (16,95-тен 17,47-ге) 3 пайызға өссе, туу көрсеткіші (25,15-тен 27,06-ға) 7,6 пайызға жоғарылаған. Ағымдағы жылдың 4 айында туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 6,9, қан айналым жүйесінен өлім-жітімі 17,4 пайызға төмендеген.
Облыста 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Оның ішінде 3 «КАМАЗ» мамандандырылған автокөлік, 8 автобустық мамандандырылған автокөлік халыққа қызмет көрсетуде. Биыл 322 елді мекенді қамту жоспарланған. Төрт айда ЖМК 159 елді мекенде болып, халыққа қызмет көрсетті.

Денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) 15538 медицина қызметкері бар. Оның 3364-і дәрігер, 12174-і орта медицина қызметкері. Мемлекеттік ұйымдарда 12974 медицина қызметкері болса, оның 2565-і дәрігер. Облыста дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші өткен жылға қарағанда 4,6 пайызға өскен. Мемлекеттік ұйымдардың дәрігерлермен қамтылуы биыл 22,4, өткен жылы 21,7 пайыз болған еді. Медициналық кадрлардың ішінде зейнет жасындағы дәрігерлер 397 адамды құрайды. Облыста жыл басына дәрігерлер тапшылығы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендегенмен дефицит сақталуда, есепті кезеңде 150 бірлік болды. Тапшы дәрігерлердің басым бөлігі жалпы практикалық дәрігер.
Биыл облысқа жергілікті бюджет есебінен білім алған 16 резидент, жұмысқа бөлу комиссиясымен 80 жас маман келеді. Бірақ бұл дәрігер тапшылығын толық жаппайды, дегенмен төмендеуіне алып келеді. Кадр тапшылығын шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Мәселен, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 32 білімгер білім алуда. Осы университетте жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 50 дәрігер резидентурада оқуда. Биыл жергілікті атқарушы органның грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 10 бітірушіні, резидентурада 30 дәрігерді оқыту жоспарланды.

Бұдан бөлек, облыс әкімдігі мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті арасында денсаулық сақтау саласы кадрларын үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру мақсатында жасалған ыңтымақтастық туралы меморандум шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, университеттің клиникалық кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық, емдеу-диагностикалық көмектер көрсетуде, денсаулық сақтау ұйымдарында интерндерді, резиденттерді практикалық оқыту жүргізуде. Медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруда қосымша білім беруде. Қазіргі таңда, Жамбыл жоғары медициналық колледжі университетке сенімгерлік басқаруға беріліп, облысымызда университет филиалы ашылды.
Өткен жылы өңірге 98 жас маман келді, оның 30-ы қалада, 68-і аудандарда жұмыс істеуде. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшін 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредит 4 жас маманға берілді, 6 жас маман құжаттарын өткізді, 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақы 21 жас маманға берілді, қосымша 4 жас маман құжаттарын өткізді. Жергілікті бюджет есебінен 800 мың теңге көлемінде ақшалай көтерме ақы 64 жас маманға, 10 жас маманға коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек көрсетілді. Сарысу ауданы бір дәрігерді қызметтік пәтермен қамтамасыз етсе, Тараз қаласында облыстық көпбейінді балалар ауруханасы бір дәрігердің пәтер жалдау ақысын мойнына алған.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы Қаратау, Жаңатас қалаларында жұмыс істейтін 10 жас маманға 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда өңірге 18 жас маман келді, 5 жас маман қалада, 13 жас маман аудандарға орналастырылды.

Есепті кезеңде 261 медицина қызметкері оқытылды. Оның 142-сі дәрігер. 119 орта медицина қызметкерлері білімін жетілдірді. Дәрігерлерді шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіби біліктілік деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 16 маманды (онколог, хирург, неонатальный хирург, нейрохирург) Ресейде оқыту жоспарланды.
16-18 сәуір аралығында Тараз қаласына Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен қалқанша без ауруларының эндокриндік хирургиясындағы әлемдік көшбасшы, Тынық мұхиты эндокриндік хирургтар қоғамы қауымдастығының президенті, Кангнам Северанс клиникасының Енсе университетінің профессоры Чанг Хэнг Сеок (Сеул қ., Оңтүстік Корея) практикалық сапармен келеді. Сапар барысында Тараз қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханасы базасында профессор Чанг Хэнг Сеок облыстың бейінді мамандары үшін қалқанша безінің бірқатар ауруларын оперативті емдеу бойынша шеберлік сыныптарын, семинарлар, пациенттердің консультациялық қабылдауларын тегін өткізді.

Облыс бойынша медициналық ұйымдардың тозу деңгейі 52,4 пайызды құрауда. Тараз қаласы 60,7 пайызды құрайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 19 алғашқы медициналық көмек көрсету нысандарына және 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. 2023-2025 жылдары аралығында 54 медициналық нысанның құрылысы жоспарланды.
Биыл алдымызға төмендегідей міндеттерді қойып отырмыз. Атап айтсақ, бірінші, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, екінші, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қордай, Т.Рысқұлов, Талас аудандық орталық ауруханасы және Шу қалалық емханасында үздік тәжірибе орталықтарын ашу. Үшінші, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 8 нысанды күрделі жөндеуден өткізу және 2 нысанға реконструкция жүргізу. Төртінші, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 19 ауылдық-елді мекенде жаңа құрылыс жұмыстарын қолға алу. Бесінші, Сарыкемер ауылында бір ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емханасының құрылысын аяқтау.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Шу қалалық емханасының ғимаратына, Меркі аудандық орталық ауруханасының бөлімшесіне қайта жаңғырту жұмыстары, Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысы, облыстық көпбейінді онкологиялық орталығының радиологиялық корпусының қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау көзделген. Шу ауданының Төле би ауылында 48 орынға арналған балаларды оңалту орталығының құрылысын салу жұмыстары атқарылады.

Әсет ҚАЛИЕВ,
облыс әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support