- Advertisement -

Қылмыстық процесте де құқығыңыз қорғаулы

33

- Advertisement -

Прокуратура органдары қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді. Облыс прокуратурасының құқықтық мониторинг орталығында азаматтарды қабылдау, соның ішінде, қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істер бойынша да тұрақты түрде қадағалау жүргізіледі.

Жедел шешуді талап ететін күрмеулі мәселелер бойынша адам құқықтары жөніндегі қазақстандық-халықаралық бюро мен адвокаттық корпус өкілдерінің қатысуымен алқалар, ведомствоаралық жедел кеңестер және дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленген. Соның негізінде, жаппай бейнебақылауды енгізу және заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында қылмыстық қудалау органдарының тергеу және жедел кабинеттерінде бейнебақылау камералары орнатылды.
Сонымен қатар кезекші прокурорлардың кабинеттері жұмыс істейді. Жеткізілген адамдарды электрондық есепке алу жүйесінің мәліметтеріне мониторинг жүргізіледі. Соның арқасында полиция ғимараттарында заңсыз ұстауда болған 10 азаматты босатуға мүмкіндік берді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті қадағалау актілері енгізілді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Облыстық прокуратура.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support