Шу
Шу
Аудандық Мәдениет үйінде аудандық мешіт пен «Жастар орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Діні беріктің – діңгегі бұзылмас» атты Құран сүрелерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған бұл байқауға 21 үміткер қатысты. Олар имамдардан құрылған қазылар алқасының тарапынан бағаланып, нәтижесінде сүре оқуда мақамы ерекше Дінмұхамед Желдібаев жеңіске жетті. Екінші орынды А. Жалалиев алса, үшінші орын Н. Қадыровқа бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен, дипломмен марапатталды.